Қазақстанда сегізінші саяси партия пайда болуы мүмкін

Бүгін, 15:17 / Камила Дүйсен
«Әділет» партиясын ұйымдастыру комитеті

Бастамашыл топ «Әділет» атты жаңа саяси партияның құрылатынын мәлімдеді, деп хаблады Қазақпарат.

2026 жылғы 15 сәуір күні бастамашыл топ жаңа «Әділет» саяси партиясын құру ниеті туралы ресми мәлімдеме жасады. Жаңа партия өзін прогрессивті реформалардың жақтаушысы, Әділетті Қазақстанды құру, заң үстемдігін нығайту және шешім қабылдау процесіне азаматтардың кеңінен қатысуын қамтамасыз етуді қолдаушы ретінде танытады.

«Әділет» партиясының негізгі мақсаты мен міндеттері — Жаңа Конституция қағидаттары мен Әділетті Қазақстан құндылықтары негізінде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғау.

Жаңа ұйымның миссиясы — 2026 жылғы 15 наурызда өткен референдумда қабылданған жаңа Конституция ережелерінің қатаң сақталуын қамтамасыз ету. Жаңа партия прогрессивті жастарды, түрлі сала мамандарын, қала мен ауыл тұрғындарын, яғни отандастарымыздың мүдделерін шынайы қорғауға және баршаға ортақ әділдікті орнатуға атсалысуға дайын қазақстандықтардың басын біріктіреді.

— Біз экономикасы қуатты, баршағакең мүмкіндік беретін және әлемдік қоғамдастықта абыройлы да беделді, Әділетті мемлекетқұру және оны нығайтуға мүдделі барлықазаматтардың күш-жігерін біріктіргіміз келеді, — деп мәлімдеді бастамашылар.

Әділдік, патриотизм, еңбекқорлық, жауапкершілік және прогресс құндылықтарына сүйене отырып, партия бастамашылары мынадай басымдықтарды жариялады:

Барлық қазақстандық үшін мүмкіндіктер теңдігін қамтамасыз ету, кландық, өңірлік ерекшеліктердің ықпалын азайту;
Тәуелсіз, тиімді әрі объективті құқық қорғау және сот жүйесін нығайту;
Экономикалық әділдік пен Қазақстанның тұрақты дамуы.
Жаңа партия өзінің саяси күн тәртібін қалыптастыру аясында азаматтық қоғам өкілдері, сарапшылар және сала мамандарымен тығыз ықпалдасуға ниетті.

16 сәуірде бастамашы топ Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне тіркеуге дайындық рәсімін бастау туралы өтініш жібереді және жақын арада партияның құрылтай съезін өткізуді жоспарлады.

Мәлімдемеге қол қойған бастамашыл топ мүшелерінің тізімі:

Атабаева Гүлзира Нұржанқызы
Бектуров Ренат Нұрмолдаұлы
Жаманқұлова Қарлығаш Қалибекқызы
Зәкиева Динара Болатқызы
 Кенжеханұлы Рауан
Кузиева Замира Закиржанқызы
Қарабасова Лаура Шапайқызы
Құсайынов Айғазы Әмірланұлы
Лаврентьев Андрей Сергеевич
Матжани Нұрбек Сейілханұлы
Нұрмұхамедов Бөріхан Жолбарысұлы
Сүгірбай Аят Исатайұлы
Тауан Мұхамедқали Эдуардұлы
Тен Ирина Сергеевна
Шибутов Марат Максұмұлы
Шыңғысбаева Ләззат Алтынбекқызы
 

Тэгтер:

саясат сайлау жаңалықтар Әділет партиясы