Өңірлерде ғылымды өркендету

26 наурыз, 2026 / Arasha.kz
UGC

Қазақстанда аймақтағы ғылымды өркендету барысында құқықтық әрі бюджеттік база құрылды. Ғылымдағы жетістіктер өңірлерді дамыту жолына бағытталатын болады. Үкімет басшысы бұл тапсырманы жеке бақылауына алды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұған жақында қабылданған Ғылымды шоғырландыру аумақтарын құру тұжырымдамасы себеп болды. Аталған тұжырымдама технологиялар мен инновациялардың алға жылжуына мұрындық болмақ. Сол себепті өңірлерден ғылыми-зерттеу орталықтары бар, инфрақұрылымы дамыған, көлікке қолжетімді болуы ескерілді.

Осыған орай, Курчатов ғылыми қалашығы, Алматы қаласындағы Ядролық физика институты, елордамыздағы Назарбаев университеті (НУ) базасындағы 2 технологиялық парк таңдалды.

Үкімет басшысы әр өңірдегі салалық көрсеткіштерге сүйене отырып, инновациялық жүйелердің қалыптасуы мен дамуына, ғылымға инвестиция тарту, жеке кәсіпкерлер мен отандық бизнесмендерді ғылымды қолдауға шақырды.

Ал Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жуырда мемлекет басшысының қабылдауында AI-Sana ұлттық қозғалысын ілгерілетуге, AI-Enabled University индустриясын жүзеге асыру туралы айтып берді. Бұл жаңа жоба білім беру мен өндіріске жасанды интеллектіні пайдалануды кеңінен қамтамасыз етеді.

Министр ғылыми қалашық сияқты ғылыми-өндірістік аймақ салу туралы да жоспарымен бөлісті, сондай-ақ DeepTech әрі күрделі өндірістерді дамытуға ауысып жатқанынан құлағдар етті.