Ғалымдарды қаржылай ынталандыру

26 наурыз, 2026 / Arasha.kz
energyprom.kz

Қазақстанда ғылыми сала дамып келеді. Өз кезегінде ғалымдардың ғылыммен алаңсыз айналысуына жағдай жасау да ұмыт қалдырылмаған. Атап айтқанда, қолданыстағы заңнамада ғылыми дәреже мен атақ үшін қосымша төлемдер көбейді. Мәселен PhD немесе ғылым кандидаты дәрежесі үшін 17 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 73525 теңге төленеді.

Докторлық үшін 34 айлық есептік көрсеткіш яғни 147 050 теңге үстемақы қарастырылған. Бұдан басқа, доцент және профессор атағына берілетін төлем мөлшері 42-50 АЕК құрайды, яғни 216 250 теңге.

Сонымен қатар, жыл сайын ғалымдарды марапаттау үрдісі жүзеге асырылады. «Үздік ғылыми қызметкер» бойынша 2000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 50 сыйлық беріледі. «ЖОО үздік оқытушысы» бойынша 150 сыйлық беріледі. Талантты ғалымдарға  100 мың теңгеден жоғары ақшалай 50 мемлекеттік стипендия тағайындалады.

Биыл 20 лауреат түрлі марапат алса, 50 жас ғалым мемлекет тағайындаған стипендияға ие болды.