Діни салада біраз істер атқарылды

27 наурыз, 2026 / Arasha.kz
astana.citypass.kz

Еліміз көпұлтты ауызбіршілігі дамыған, оған қоса көпконфессиялы мемлекет. Республикамызда дін ұстанушылар көп, халықтың басым бөлігі яғни 70 % - исламды, 26 % - христиандықты ұстанады. Зерттеулердің нәтижесіне тоқталсақ, қазақстандықтардың 67% дінді ұстанатынын айтқан. 

Қазір елімізде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының филиалы ретінде ресми түрде тіркелген 2945 мешіт бар. 1 мешіт республикалық, 3 мешіт ірі қалаларда, 17 - облыстарда, 472-сін қаладағы мешіттер құрайды. Өткен жылы 61 жаңа мешіт ашылып, келушілерге есігін айқара ашты.

Бұдан бөлек, 545 намазхана жұмыс істеп тұр. 200-ден аса мешітке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бүгінде жергілікті аймақтарда жаңадан ғибадат үйлері бой көтеріп жатыр. Көріп тұрғандарыңыздай, діни салада біраз істер атқарылып, халыққа түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілген.

Ал жалпы ресми дерекке сүйенсек, елде 3788 ғибадат үйі тіркелген, оның 302-сі православ, 116-сын католик шіркеуі мен 421 протестанттық діни нысан құрайды. Бұдан басқа елде буддистік храмдар, бахаи, синагога секілді діни орындар бар. Сондай-ақ елде 452 миссионер ресми түрде тіркеліпті.

Сонымен, Қазақстанда дін саласы қалыпты, тұрақты, Ата заңымыздағы зайырлылық қағидатына сай дамып келеді.