Шақыртуға келген жедел жәрдем бригадасы науқасқа дер кезінде жете алмай, жолды жауып тұрған шлагбаумға тап болды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Медицина қызметкерлері 9-қабаттан құлаған балаға көмек көрсетуге келген. Алайда аулаға кіру мүмкін болмай, шлагбаумды ашатын құрылғысы бар ешкім табылмаған.
Уақыт жоғалтпау үшін жедел жәрдем қызметкерлері шлагбаумды бұзуға мәжбүр болды. Себебі баланы шұғыл түрде ауруханаға жеткізу қажет болған.