10 жылдан астам іздеуде болған күдікті Германиядан Қазақстанға экстрадицияланды

Бүгін, 13:58 / Ахмет Қанатұлы
видеодан скриншот

Қазақстанға Германиядан ірі алаяқтық ісі бойынша күдікке ілінген шетел азаматы экстрадицияланды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ведомствоның мәліметінше, күдікті қазақстандық кәсіпкердің 1 миллион АҚШ долларын алдап иемденген. Ол бұл қаражатты компьютерлік техника жеткізуге көмектесемін деген желеумен алған.

Қылмыс 2014 жылы жасалған.

"Қылмыстан кейін күдікті бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланған. 2025 жылдың қыркүйегінде Германия аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды", – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалған.

Аталған қылмыс бойынша оған мүлкін тәркілеумен бірге 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Тэгтер:

қазақстан АҚШ Германия