Марат Тәжин мемлекеттік хатшы болды.

24 наурыз, 2019 / Arasha.kz

Бұған дейін президент әкімшілігі басшысының орынбасары болған Марат Тәжин президент Қ.Тоқаевтың жарлығымен мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Марат Мұхамбетқазыұлы Тәжин — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы. Социология ғылымдарының докторы, профессор. 1960 ж. сәуірдің 8-інде Ақтөбе қаласында туған.