20 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Бүгін, 08:13 / Қайсар Қалам
Сурет: pexels

2026 жылғы 20 сәуірге арналған Қазгидромет дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің 14 өңірінде, сондай-ақ Алматы тауларында қауіпті ауа райы құбылыстары күтіледі.

Іле Алатауының (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) өңірлерінде түнде және таңертең тұман түсіп, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында да тұман күтіледі. Облыстың шығысы мен таулы аймақтарында жел күшейеді (15-20 м/с). Түнде солтүстік және тау бөктерінде ауа температурасы -2 градусқа дейін төмендеп, үсік жүруі мүмкін. Қонаев қаласында да түнгі және таңғы уақытта тұман болжануда.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында, сондай-ақ Қарағанды қаласында түнде және таңертең тұман болады.

Ұлытау облысының солтүстігі, шығысы және орталығында да осыған ұқсас жағдай тұман күтіледі. Жезқазған қаласында да көріну нашарлайды.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде және орталығында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Ақтөбе қаласында да кей уақытта жаңбыр мен найзағай болып, жел 15 м/с-қа дейін жетеді.

Жетісу облысының солтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталса, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі жарияланған.

Атырау облысының бірқатар бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады. Желдің екпіні 15–20 м/с. Атырау қаласында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел 15–18 м/с-қа дейін күшейеді.

Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында күндіз шаңды дауыл соғады. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.


 

Тэгтер:

ауа райы қазгидромет жаңбыр найзағай дауыл жел