Мұхтар Шахановтың соңғы аманаты

Бүгін, 09:46 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Журналист Оңғар Қабден ақын Мұхтар Шахановтың дүниеден өтуіне байланысты қалың көпшілікке үндеу тастап, марқұмның соңғы аманатын орындауға шақырды. Жазбада ақынның туған-туыстары мен зиялы қауым өкілдерінің мемлекет басшысына жолдаған өтініші мен ақынның соңғы тілегі баяндалған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Мұхтар Шаханов көзі тірісінде өзін ата-баба мекені  Оңтүстік Қазақстан облысындағы (қазіргі Түркістан облысы) Арыстанбаб кесенесінің маңына жерлеуді аманат еткен.

Ақынның жары Ханшайым Шаханова ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ресми хат жолдап, ақынның осы соңғы тілегін нақты жеткізген. Хатта ақынның бұл шешімі жай ғана тілек емес, рухты ақынның халқына қалдырған аманаты екені айтылған.

Журналист ақынның мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің қасына жерленуінің тарихи және рухани қисыны бар екенін алға тартады. М. Шаханов пен Ө. Жәнібеков кезінде ұлттық руханият жолында иықтас жүріп, «Арқалықтың ақ таңы» сияқты ұлттық құндылықтарды ұлықтаған туындыларды бірге дүниеге әкелген.

«Арыстанбаб кесенесінің маңында Өзбекәлі Жәнібеков жатқан қорым да бар. Мұхтар Шахановтың Өзбекәлінің қасына жерленетін жөні де жоқ емес. Өйткені Мұхтар Шаханов сол Өзбекәлі Жәнібековпен иықтас жүріп, ұлттық руханиятқа қызмет еткен тұлға. Олардың жолы бөлек болған жоқ. Оған дәлел ақын сөзін жазған «Арқалықтың ақ таңы» әні. Ән тарихы туралы «Өзбекәлі және мәдени майдан» кітабында да егжей-тегжейлі баяндалады.  Торғай өңірінде жүріп, сол жақтың әнұранын жазуды Өзбекәлі Жәнібеков Мұхтар Шаханов пен Шәмші Қалдаяқовқа сеніп тапсырған. Сол сенімді Мұхтар Шаханов ақтады. Сондықтан оның Өзбекәлі атамыздың қасына жерленуі –  қисынды да, жарасымды да шешім болмақ», - дейді О. Қабден.


 

Тэгтер:

мұхтар шаханов соңғы аманат Арыстанбаб Өзбекәлі Жәнібеков кесене