Қазақстан БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясына сәтті қатысып келеді

26 наурыз, 2026 / Қайсар Қалам
Суоет: Қорғаныс минстрлігі

Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымымен бітімгершілік бойынша 2014 жылы әскери қызметшілерді алғаш рет Батыс Сахараға әскери бақылаушы ретінде жіберген болатын.  

Осы сәттен бастап елімізден Батыс Сахараға, Ливанға т.б. түрлі елдерге бітімгерлер жіберіле бастады. Мәселен, 2024 жылы Қазақстан Африка, Таяу Шығыстағы миссиялық жұмыстарға қатысты. Орталық Африка Республикасы, Мали, Конго елдеріне барып, күрделі миссияларды сәтті аяқтады.  
Сондай-ақ, Қазақстан БҰҰ-ның Голан жоталарында да қызмет етеді. Біле білсеңіз, Қазақстан бұл мандатты алған алғашқы әрі жалғыз ел. Қазіргі таңда 139 әскери қызметші атысты тоқтатуды сақтау бойынша маңызды міндеттерін атқарып жүр. 

Бітімгерлерді гуманитарлық, құқықтық, шет тілін білу және психология бойынша дайындықтардан өткізеді. 

Міне Қазақ елі осылайша БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясына сәтті қатысып келеді. Сонымен қатар, халықаралық қауіпсіздікті күшейтуге үлес қосып, еліміздің әлемдік аренадағы ролін нығайтып жатыр. 

Бітімгер болу қазақ әскери қызметшілерінің де кәсіби даярлығын жетілдіре түсуге берілген зор мүмкіндік. Мәселен, 750-ден аса әскери қызметші БҰҰ аясында жаһандық бейбітшілікті сақтауға үлесін қосқан.