2025 жылы Қазақстаннан шетелге аударылған қаржының ең көп бөлігі Ресейге бағытталған

Бүгін, 12:33 / Қайсар Қалам
Сурет: pexels

Халықаралық ақша аударымдары жүйелері (ХААЖ) арқылы жүзеге асырылған трансшекаралық аударымдардың жалпы көлемінің 76%-ы немесе 718,9 млрд теңгесі шетелге жіберілген, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Чёрный лебедь, рак и щука» телеграм арнасының мәлімдеуінше, Қазақстаннан шетелге жіберілген бір аударымның орташа сомасы 426,2 мың теңгені құрады.

Аударымдарды ең көп қабылдаған негізгі елдер:

31,3% – Ресей

31,0% – Өзбекстан

17,0% – Түркия

6,0% – Грузия

3,4% – Қырғызстан

Шетелден алынған аударымдардың көлемі 226,4 млрд теңге болды, бұл ХААЖ арқылы жүргізілген трансшекаралық аударымдардың жалпы көлемінің 24%-ын құрайды. Шетелден Қазақстанға келген бір аударымның орташа сомасы 377,6 мың теңге болды.

Аударымдарды ең көп жіберген негізгі елдер:

23,8% – Ресей

15,2% – АҚШ

11,3% – Өзбекстан

10,3% – Түркия

7,9% – Германия

Тэгтер:

ресей қаржы ақша аударымдары трансшекаралық аударымдар