Иранда «Моссадқа» көмектесті деп айыпталған екі адам өлім жазасына кесілді

Бүгін, 13:03 / Қайсар Қалам
Фото: Christoph Hardt/Geisler-Fotopress/picture alliance

Дүйсенбі күні Иранда Израильдің «Моссад» барлау қызметіне жұмыс істеді деп айыпталған екі азамат Мохаммад Масум Шахи мен Хамед Валидидің үкімі орындалды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл туралы Иран сот билігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ресми мәлімдемеге сүйенсек, іс материалдары бойынша бұл тұлғалар тыңшылық желісінің мүшелері болған. Олар Израиль барлау қызметінің офицерлерімен интернет арқылы және Ирак Күрдістанына жасаған сапарлары кезінде байланыс орнатып тұрған. Сондай-ақ, терактілер мен диверсиялар жасау бойынша арнайы дайындықтан өтіп, елге қайта оралған.

Иран билігінің ақпараты бойынша, сотталғандар бірнеше қылмыс, соның ішінде бірқатар әскери және азаматтық нысандарды өртеу әрекеттерін жасап үлгерген. Олар жасаған әрбір диверсиясын фотоға түсіріп, кейін «Моссадтағы» кураторларына жіберіп отырған.
 

Тэгтер:

Иран өлім жазасы тыңшылық Моссад