Қазақстанның Еңбек Ері, халық жазушысы Мұхтар Шаханов бұған дейін әлеуметтік желіде тарағандай Арыстан баб кесенесі маңына емес, ауыл зиратына жерленетін болды. Бұл туралы Назерке Шәкірбаева Facebook желісіндегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Жарияланған мәліметке сәйкес, жазушымен қоштасу рәсімі 21 сәуір күні сағат 09:00-де Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтеді.
Ал жаназа намазы 22 сәуір күні сағат 10:00-де Түркістан облысы, Отырар ауданы, Жаңа Шілік ауылында оқылады деп жоспарланған.
Сондай-ақ жерлеу рәсімі сол күні сағат 11:00-де Отырар ауданына қарасты Қоғам ауылдық зиратында өтетіні хабарланды.
Қаралы хабарламада ас беру рәсімі 22 сәуір күні сағат 12:00-де Отырар ауданы, Шәуілдір ауылындағы «Жұлдыз» мейрамханасында ұйымдастырылатыны жазылған.