Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі Алматы қаласында өтті. Қаралы жиын таңғы сағат 09:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры ғимаратында басталды, деп Arasha.kz тілшісі Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қала тұрғындары, зиялы қауым өкілдері, ақынның әріптестері мен шәкірттері жиналып, ел руханиятына зор үлес қосқан тұлғаны соңғы сапарға шығарып салды.
Қоштасу рәсімінен кейін марқұмның рухына арналған ас сағат 13:00-де Достық даңғылы, 341/1 мекенжайындағы банкет залында беріледі.
Мұхтар Шаханов қазақ поэзиясында ерекше орны бар, ұлттық құндылықтар мен рухани мәселелерді батыл көтерген қайраткер ретінде халық жадында сақталады.