Алматының бұрынғы әкімі Ерболат Досаев тағы бір қызметінен айырылды. Ол «Байтерек» холдингінің директорлар кеңесінен шығарылды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Шешім 7 сәуірде қабылданды, деп хабарлайды KASE. Айта кетейік, ол кеңес құрамына жақында ғана - осы жылдың қаңтар айында кірген болатын.
Еске сала кетейік, наурыз айының соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Досаевты Президент әкімшілігіндегі қызметінен босатқан еді. Ал сәуірдің басында ол «Самұрық-Қазына» қорының директорлар кеңесінен де кетті.