Елімізде екінші АЭС-ті Қостанайда салу қарастырылып жатыр

Бүгін, 13:05 / Қайсар Қалам
Сурет: Рixabay

Қазақстанда Атом электр станциясын Қостанай облысында салу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, елдегі энергиямен жабдықтаудың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін кемінде үш, ал келешекте төрт атом электр станциясын салу жоспарлануда.

Сәтқалиев болжамды энергия теңгерімін, сондай-ақ экологиялық және сейсмикалық қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, бірқатар әлеуетті алаңдардың зерттелгенін атап өтті.

«Қазақстанда атом энергетикасын дамытуға арналған бірнеше бірегей алаң бар. Бірінші кезекте, бұл - Балқаш маңындағы аймақ, ол объективті түрде алты ірі энергетикалық блокқа дейін салуға мүмкіндік береді. Әлеуеті жақсы Курчатов бар - бұл шағын немесе орташа қуатты атом реакторларын дамытуға арналған алаң. Батыс Қазақстан бар, онда энергетикалық қондырғыларды аралас режимде пайдалану тәжірибесі қалыптасқан», - деді ол.

Агенттік басшысы еліміздің басқа өңірлеріне де жеке тоқталып өтті.

«Энергия теңгеріміне сүйенсек, Қостанайда 20–30 жылдан кейін  атом станциясын салу үшін перспективалы орынға айналуы мүмкін», - деп хабарлады Сәтқалиев.

Осылайша, Қостанай облысы ұзақ мерзімді перспективада АЭС салуға болатын алаңдардың бірі ретінде қарастырылып отыр.
 

Тэгтер:

Қостанай АЭС атом құрылыс энергия Сәтқалиев