Ресей 1 мамырдан бастап Германияға жеткізілетін Қазақстан мұнайының транзитін тоқтатпақ

Бүгін, 15:22 / Қайсар Қалам
Сурет: Рixabay

Алдын ала ақпарат бойынша, 1 мамырдан бастап РФ аумағы арқылы Германияға өтетін қазақстандық мұнай транзиті тоқтатылуы мүмкін. Ресей «шүмекті жауып» жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ресейдің Қазақстаннан Германияға «Достық» (Дружба) мұнай құбыры арқылы жіберілетін мұнай жеткізілімін тоқтатуды жоспарлап отырғаны туралы Reuters агенттігі өз дереккөздеріне сілтеме жасап жазды. Транзитті 1 мамырдан бастап тоқтату туралы шешім қабылданып қойғаны айтылуда. Бұл ақпаратқа қатысты әзірге ресми растау түскен жоқ.

Мұндай шешімнің немен байланысты екені әлі нақтыланбаған (мәселен, бұл мұнай құбырын жөндеу қажеттілігіне байланысты болуы мүмкін).

«Достық» құбыры арқылы Қазақстан Германияға тәулігіне 200 мың баррельге дейін мұнай жөнелтеді.
 

Тэгтер:

қазақстан ресей мұнай Германия шектеу мұнай тасымалы Дружба