Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, "Желтоқсан" шындығын әлемге жеткізген қайраткер, Халық жазушысы Мұхтар Шаханов мәңгілік сапарына аттанды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Ақынның көзі тірісінде айтқан соңғы аманаты орындалып, оның сүйегі туған жері – Отырар өңіріндегі Арыстан баб кесенесі маңындағы Қоғам ауылының қорымына жерленді.
Айта кетейік, бұған дейін ақынның жары Ханшайым Шаханова Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнайы өтініш жолдап, Мұхтар Шахановтың соңғы аманатын орындау мәселесін көтерген болатын.
Еске салайық, қазақтың біртуар перзенті Мұхтар Шаханов 19 сәуір күні 84 жасқа қараған шағында өмірден өтті.