"Бейопаға жеттің бе?" – Тұңғышбай Жаманқұлов марқұм Мұхтар Шахановты жоқтады (ФОТО)

Бүгін, 16:05 / Arasha.kz
kznews.kz коллажы

Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын Мұхтар Шахановтың дүниеден өтуіне байланысты Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов әлеуметтік желіде жүрекжарды жазба жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Өнер қайраткері өз сөзінде ақынның азаматтық болмысын, қайсар мінезін ерекше атап өтіп, оны өмір бойы шындық пен әділет үшін күрескен тұлға ретінде сипаттады.

"Ей артық туған асыл ер, нағыз Азамат... Шындық үшін шырылдап қана емес, айқайлап өткен атпал жүректі, жолбарыс текті жанкешті! Сен де өттің бе, жалғандық жайлаған алдамшы өмірден... Әділет іздеп кеттің бе, ол шіркіннің Жоғарыда да жоқ екеніне көзің жетіп, енді өзің аңсаған Сана Биігінен орын таптың ба? Арсыға өттің бе, Бейопаға жеттің бе?... Шығыстың жеті жұлдыз шоғырына сегізінші боп қатарларынан орын тептің бе?... Қош, соры қалың қазақтың қадірі артық шыншыл Шайыры... Бақұл бол..." – деп жазды Тұңғышбай Жаманқұлов.

Тэгтер:

мұхтар шаханов Тұңғышбай Жаманқұлов