"Қазақстан мен Бразилия – бір туған": Қазақ киберспортшысы әйгілі футбол жұлдызымен кездесті (ФОТО)

Бүгін, 10:56 / Ахмет Қанатұлы
instagram.com/danil.molodoy_

Қазақстандық киберспорт жұлдызы Данил Голубенко (Molodoy) әлемге әйгілі футболшы Неймармен кездесті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бразилияның FURIA командасы сапында Counter-Strike дисциплинасында өнер көрсететін отандасымыз әйгілі "Сантос" клубы мен Бразилия құрамасының ойыншысымен бірге түскен фотоларын жариялаған.

Желі қолданушылары бұл кездесуді "көптен күткен сәт" деп атап, түрлі әзіл пікірлер қалдырған.

"Қазақстан мен Бразилия – бір туған", "Бұл жігіт бразилиялық болып туған сияқты" деген секілді пікірлер жазылған.

Айта кетейік, Неймар қазақстандық киберспортшының өнерін бұрыннан бақылап, бірнеше рет оған қолдау білдірген. Сәуір айында Molodoy командасымен бірге Бразилияға IEM Rio турниріне барған кезде футболшы оның жейдесіндегі өз есімі жазылған суретін де парақшасында бөліскен.

Сонымен қатар өткен күзде Неймар FISSURE PLAYGROUND 2 турниріндегі жеңістен кейін киберспортшыға құрмет білдіріп, пікір қалдырған болатын.

Тэгтер:

Неймар Данил Голубенко киберспорт