Неміс ғалымдары сырада дәруменнің қай түрі көп екенін анықтады

Бүгін, 15:37 / Қайсар Қалам
Сурет: Рixabay

Беделді ғылыми журналда жарияланған жаңа зерттеу сыра құрамында адам ағзасына қажетті В6 дәрумені бар екенін көрсетті. Бұл дәрумен ми жұмысына, қан айналымына және иммундық жүйеге пайдалы, деп хабарлайды Arasha.kz.

Зерттеуге сәйкес, бір ыстаяқ сыра адамның тәуліктік В6 дәрумені қажеттілігінің шамамен 15%-ын қамтамасыз ете алады. Мұндай дәрумен алкогольсіз сырада да кездеседі.

В6 дәрумені сыраның негізгі ингредиенттері - арпа, бидай және сыра ашытқысында болады. Ашытылу процесі кезінде ол толық жойылып кетпейді.

Бұл дәрумен тек сырада ғана емес, басқа тағамдарда да бар. Ол етте, балықта, сұлы жармасында, картопта және ноқатта кездеседі.

Адам ағзасында В6 дәруменінің қатты тапшылығы сирек байқалады. Дегенмен кейде оның деңгейі төмен болуы мүмкін. Көбіне бұл В тобының басқа дәрумендерімен, мысалы В12 дәруменімен бірге жетіспейді. В12 тапшылығы шаршау мен жүрек айнуға әкелуі мүмкін.
 

Тэгтер:

ғалымдар денсаулық Сыра дәрумен