Жергілікті тұрғындардың айтуынша, кешкі уақытта балалардың бірі құрылыс алаңының қоршауынан асып, ішіне ұшып кеткен допты алмақ болған. Сол сәтте оны ток соққан. Оған көмектеспек болған тағы екі бала да жарақат алған. Қазір үшеуі де балалар ауруханасында жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz.
Тұрғындардың айтуынша, мектеп маңында құрылыс жүріп жатыр, ал аумақта қауіпті кабельдер бар. Олар қауіп төндіріп тұрған нысанды жоюды және қауіпсіздікке кім жауапты екенін анықтауды талап етуде.
Полиция бұл оқиғаны растады. Аталған факті бойынша «Салғырттық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жалғасып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.