2026 жылы ақылы жолдардан 120 млрд теңге жинау жоспарлануда

Бүгін, 12:01 / Қайсар Қалам
Сурет: ҚазАвтоЖол

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев 2026 жылы Қазақстандағы ақылы жолдардан 120 млрд теңге жинау көзделіп отырғанын  мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Ақылы жолдарды дамыту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. 2025 жылы олардың ұзындығы 4,9 мың шақырымды құраса, биыл — 6,7 мың шақырымға жетті. Сондай-ақ, бұл жолдардағы қозғалыс ағыны да артып келеді. 2025 жылы ақылы жолдардан түскен табыс 87 млрд теңгені құрады, биылғы жоспар - 120 млрд теңге», - деді Сауранбаев Сенаттағы парламенттік тыңдау кезінде.

Министрдің айтуынша, бұл қаражат қарыздар бойынша пайыздарды өтеуге және жолдарды күтіп ұстауға жұмсалады.

«Жалпы алғанда, ақылы жолдар бюджетке түсетін салмақты азайтады», - деп есептейді көлік министрлігінің басшысы.

Тэгтер:

ақылы жол ақша жинау Нұрлан Сауранбаев