Оқиға Есет батыр ықшамауданындағы №23 үйдің ауласында болған, деп хабарлайды Arasha.kz.
Қара плащ киген белгісіз қыз аулада ойнап жүрген кішкентай қызбен сөйлесіп, оған сырға мен сақина сыйлайтынын айтып қызықтырған.
Бейтаныс қыз кәмелетке толмаған баланы ертіп кетуге шақ қалған, алайда бір сәтте қыз қашып шығып, «Алау» дүкеніне кіріп, болған жағдайды ересектерге айтып берген.
Тұрғындардың айтуынша, аталған аулада бейнекамералар жұмыс істемеген.
Оқиға «Нұрдәулет» дүкенінің сыртқы камерасына түсіп қалған.
Ақтөбе қалалық полиция басқармасы бұл факті бойынша оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған процессуалдық әрекеттерді бастағанын хабарлады.
Кәмелетке толмағанға тиіскен әйел полиция бөліміне жеткізілді. Қосымша мәліметтер әзірге жарияланған жоқ.