Алматыда Жириновскийге естелік тақта орнатылуы мүмкін

Бүгін, 15:46 / Қайсар Қалам
Сурет: видеодан скрин

Қазақстанға жұмыс сапарымен Ресей Мемлекеттік думасындағы ЛДПР фракциясы жетекшісінің орынбасары Сергей Леонов келді. Сапар барысында ол Алматыдағы Владимир Жириновский дүниеге келіп, балалық шағын өткізген үйге барды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Үй қаланың дәл орталығында, Масанчи көшесі, 79 мекенжайында орналасқан. Мәліметтерге сәйкес, болашақ саясаткер №3 пәтерде тұрған. Үш бөлмелі пәтер екі қабатты ғимараттың екінші қабатында орналасқан.

Үйді аралағаннан кейін Леонов саясаткердің есімін мәңгі есте қалдыру бастамасын көтеріп, ғимараттың қасбетіне естелік тақта орнатуды ұсынды. Оның айтуынша, бұл сапар Жириновскийдің 80 жылдық мерейтойы қарсаңында символдық мәнге ие, деп жазды ZTB телеграм арнасы.

«Әрине, егер осы ғимараттың қасбетінде бұл жерде ұлы ресейлік саясаткер Владимир Вольфович Жириновский дүниеге келгенін білдіретін естелік тақта пайда болса, жақсы болар еді. Сонда бұл тарихи үй туралы көбірек адам біліп, саясаткердің өмірімен жақынырақ танысар еді», – деді ол.

Тэгтер:

алматы көше Жириновский ЛДПР естелік тақта