YouTube-тағы даулы сұхбат ғайып болды: Бишімбаев ісіне қатысты видео неге өшіп қалды?

Бүгін, 13:01 / Arasha.kz
Жоғарғы сот

Екі жыл бұрын Астанада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевке қатысты сот процесі жүріп жатқан кезде ресейлік блогер, психолог әрі коуч Наталья Грейс сот отырысына қатысқан болатын, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Осыдан кейін көп ұзамай оның YouTube арнасында Бишімбаевтың ата-анасымен сұхбат жарияланып, онда олар болған оқиғаға қатысты өз пікірлерін білдірген. Әңгіме барысында ұлдарының тұлғасы мен марқұм Салтанат Нүкеновамен қарым-қатынасы да сөз болған.

Бұл сұхбат қоғамда түрлі көзқарас тудырып, әлеуметтік желілерде қызу талқыланды. Кейбір қолданушылар оны Бишімбаевты ақтауға бағытталған контент ретінде қабылдады.

Қазіргі уақытта аталған видео Наталья Грейстің YouTube арнасынан алынып тасталған немесе қолжетімділігі шектелген. Бұрынғы сілтемелер арқылы өткенде, бейненің жабық режимге ауыстырылғаны байқалады.

Әзірге сұхбаттың не себепті өшірілгені белгісіз. Дегенмен оның толық нұсқасы мен жекелеген үзінділері басқа YouTube арналары арқылы әлі де таралып жатыр.

Тэгтер:

Қуандық Бишімбаев Коуч