Желтоқсан қатысушыларын балағаттаған алматылық әйел жұмысынан айырылды

Бүгін, 16:00 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Алматы тұрғыны Threads әлеуметтік желісінде Желтоқсан оқиғасына қатысушылар мен жалпы Қазақстанға қатысты ауыр балағат сөздер жариялап, соның салдарынан қызметінен қуылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Желтоқсан туралы жазбаның астындағы пікірінде әйел оқиғаға қатысушыларды «ақымақ», «мамбет» және «ауылдан келгендер» деп атаған.

Тағы бір жазбасында ол Қазақстан мен депутат Жаңбыршинге қатысты қорлау сипатындағы пікірлер білдірген. Бұл жазбалар желіде тез тарап, қоғамда үлкен наразылық тудырды, деп жазды ZTB телеграм арнасы.

Қазақстандықтар құзырлы органдарға жаппай өтініш жазып, әйелдің сөздерін Қылмыстық кодекстің 174-бабы (ұлттық араздықты қоздыру) бойынша тексеруді талап етті.

Сонымен қатар, қолданушылар ол жұмыс істеген компанияның парақшаларына теріс пікірлер жаудырды. Салдарынан ұйымның 2GIS жүйесіндегі рейтингі бір тәуліктің ішінде күрт төмендеп кетті.

Нәтижесінде әйел жұмыстан босатылды, ал полиция әзірге жағдайға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Тэгтер:

әйел Желі балағаттау желтоқсаншылар мәмбеттер Threads