ТЖМ мәліметінше, оқиға Қаратау ауданында Құдайбергенов көшесінде, жеке тұрғын үй аумағында болған. Ересектердің қарауынсыз қалған 2024 жылы туған қыз бала құдыққа құлап кеткен, деп хабарлайды Arasha.kz.
Оқиға орнына дереу ТЖМ құтқарушылары жіберілді. Оқиға орнына жеткен кезде құдықтың тереңдігі шамамен 24 метр екені анықталды. Құтқарушылар альпинистік жабдықтарды пайдаланып, құдыққа түсіп, баланы абайлап жоғарыға алып шықты.
Қыз бала әрі қарай тексеру үшін жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.
ТЖМ ескертеді: балаларды қараусыз қалдырмаңыз!