27 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Бүгін, 08:12 / Қайсар Қалам
Сурет: Рixabay

Синоптиктер 27 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынып, еліміздің кейбір аймағында жауын жауып, дауыл тұратынын айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше,  дүйсенбі күні елдің шығысында, түнде солтүстігінде және орталығында, күндіз батысында және оңтүстік-шығысында ауа райы құбылмалы болады.

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр күтіледі. Батыс пен оңтүстік-шығыста бұршақ жауып, дауылды жел соғуы мүмкін",- делінген ақпаратта.

Қазақстанның қалған аумақтарында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша желдің күшеюі және тұман күтіледі, ал оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. 

Тэгтер:

ауа райы жаңбыр найзағай жел