Қазақстандықтардың жеке деректерін сатқан: ҰҚК Алматы мен Астанада ұстау шараларын жүргізді

Бүгін, 10:36 / Қайсар Қалам
Сурет: ҰҚК

Еліміздің екі ірі қаласында жеке деректерді заңсыз жинаумен және сатумен айналысты деп күдікке ілінген топ құрықталды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, айыпталушылар ақпаратты заңсыз жолмен алып, оны интернет арқылы сатып отырған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Сатып алушылардың арасында микроқаржы және коллекторлық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ жеке тұлғалар болған.

«Тінту барысында компьютерлік техника, электронды ақпарат тасығыштар, ірі мөлшердегі ақша қаражаты және басқа да заттай айғақтар тәркіленді», - деп хабарлады ҰҚК.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 147, 208 және 210-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпараттар тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.

Тэгтер:

ҰҚК жеке деректер микроқаржы коллекторлық ұйымдар