Атыраудағы қанды қылмыс: сараптама жантүршігерлік деректерді ашты

Бүгін, 10:49 / Arasha.kz
ашық дереккөзден

Атырау облысында бір отбасының қаза табуына қатысты тергеу барысында жаңа деректер жария болды. Бұл туралы "Астана" телеарнасы хабарлады.

Облыстық прокуратура өкілдерінің айтуынша, қылмыс аса қатыгездікпен жасалған. Прокурор көмекшісі Жандар Болатбектің мәлімдеуінше, күдікті Қарабалиндер отбасына қарсы ерекше қатал әрекет еткені анықталған.

Сараптама қорытындылары марқұмдардың денесінде бірнеше жерден кесілген және тесілген жарақаттар болғанын көрсетті. Мамандар әр жәбірленушінің денесінен ас үй пышағымен салынған алтыдан астам жарақат анықтаған. Жарақаттар кеуде, мойын және ішкі ағзалар тұсына түскен.

Құзырлы органдардың дерегінше, дәл осы ауыр пышақ жарақаттары өлімнің негізгі себебі болған.

Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары жалғасуда. Қылмыс құқық қорғау органдарының ерекше бақылауына алынып, барлық мән-жай жан-жақты тексеріліп жатыр.

Тэгтер:

Атырау облысы жоғалған отбасы