Алматы метросының құрылысы кезінде ұрланған ақшаның бұған дейін қайда жатқаны белгілі болды

Бүгін, 12:44 / Қайсар Қалам
Сурет: Алматы Метрополитен

«Метрополитен» КМК басшылығының өкілдері жымысқы схема құрып, Алматы метросының құрылысына бөлінген ақшаны қолды қылған. Алмалы аудандық соты үкім кесті: 10 адам нақты мерзімге бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Тексеру барысында ақшаның бір бөлігін табу мүмкін болды. Барлығы 127 миллион теңге. Бұл қаражат басқа компанияның шоттарында жатқан, олар мемлекетке қайтарылды.

– Прокурордың кассациялық наразылығы бойынша сот шешімдері қайта қаралды. Ақша түпкілікті мемлекет пайдасына алынды, – деп хабарлады қадағалау ведомствосынан.

Алматы метросының құрылысы сонау 1988 жылы басталған болатын. Бірақ Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін құрылыс тоқтап қалды. Жұмыс жүргізілген күннің өзінде, қаржы тапшылығынан өте баяу жүрді. 2003 жылы бұл мәселе шешіліп, Назарбаев жобаны қаржыландыру туралы жарлыққа қол қойды.

Бұл «сағызша созылған» құрылыс талай рет қалалық әзілдердің арқауына айналып, алматылықтар оның қашан да болса бітетініне сенуден қалған еді. Дегенмен, 2011 жылдың желтоқсанында Алматы метрополитені алғашқы жолаушыларын қабылдай бастады. Бірінші желі жеті станциядан тұрды, кейінгі 15 жыл ішінде тағы бірнешеуі ашылды.

Тэгтер:

сот ақша жымқыру Алматы метросы