Ресей ЕО өкілдерінің бірқатарына елге кіруге тыйым салды

27 сәуір, 2026 / Қайсар Қалам
Сурет: pixebay

Ресей Еуропалық одақ елдері өкілдерінің ел аумағына кіруіне тыйым салынғандар тізімін кеңейтті. Бұл туралы Ресей Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, шектеулер Украинаға әскери көмек көрсету туралы шешімдер қабылдауға қатысқан тұлғаларға, сондай-ақ Мәскеудің пікірінше, Ресейдің аумақтық тұтастығына нұқсан келтіруге бағытталған қызметпен айналысатындарға қатысты енгізілген.

Ресей СІМ бұл шара Еуроодақтың әрекеттеріне, соның ішінде санкциялық қысымды күшейтуіне жауап ретінде қабылданғанын атап өтті.

Бұған дейін Еуропалық одақ Ресейге қарсы санкциялардың 20-пакетін қабылдаған болатын. Шектеулер банк секторын, криптовалютамен жасалатын операцияларды, сондай-ақ металдар, химиялық өнімдер және аса маңызды минералдар саудасын қамтиды.