Ерболат Жанабыловқа мүлкі тәркіленіп, екі жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Эльмира Төлегенова ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде екі жылға бас бостандығынан айыруға үкім етілді. Жас балаларының болуына байланысты жазаның орындалуы екі жылға шегерілді.
Сот мемлекеттік айыптаудың ұстанымын қолдады. Үкім бұған дейін прокурор сұраған жазамен сәйкес келді.
Айта кетейік, 2025 жылы 11 автокөлікті ұтысқа қойып, курс сатқан блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенованың әрекеті Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі назарына іліккен болатын.