Алматыда бюджет қаражатын жымқырған жеке сот орындаушысы сотталды

Бүгін, 18:08 / Қайсар Қалам
Сурет: Рixabay

Қала прокуратурасы жеке сот орындаушыларының қызметіне жүргізілген тексеру барысында бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды Arasha.kz.
 
Анықталғандай, жеке сот орындаушысы өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, 2024 жыл ішінде алимент өндіру бойынша атқарушылық іс жүргізулер шеңберінде өз қызметіне ақы ретінде бюджеттен заңсыз түрде 4,2 млн теңге алған.
 
Бір атқарушылық іс жүргізу бойынша төлем жылына бір реттен артық төленбеуі тиіс деген заң талаптарын бұза отырып, сот орындаушысы Әділет департаментіне 47 атқарушылық іс бойынша 76 рет қайталама есеп жолдап, сол арқылы ақшалай қаражатты заңсыз алған.
 
Алмалы аудандық сотының үкімімен кінәлі тұлға 2 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айырылып, 5 жыл мерзімге тиісті қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

Тэгтер:

сот ақша жымқыру сот орындаушы бюджет қаражаты