28 сәуірге ауа райы болжамы

Бүгін, 08:06 / Қайсар Қалам
Сурет: Рixabay

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер жарияланды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Астана қ.: 28 сәуірде түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Алматы қ.: 28 сәуірде таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.

Шымкент қ.: 28 сәуірде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

28 сәуірде түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) күтіледі, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде. Шағысында тұман күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, түнде облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

28 сәуірде Абай облысының оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай  күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында, шығысында 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстік-батысында, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

28 сәуірде түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

28 сәуірде күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 1 градус үсік күтіледі.

28 сәуірде түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі.

28 сәуірде Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

28 сәуірде күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.    

28 сәуірде күндіз Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі.

28 сәуірде күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр жауады, найзағай күтіледі. Оңтүстіктен соққан жел батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде екпіні 15 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

28 сәуірде күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында 1 градус үсік күтіледі.

28 сәуірде түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

28 сәуірде Атырау облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.          

28 сәуірде түнде Алматы облысының оңтүстігінде, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 28 сәуірде күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

28 сәуірде Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі.

28 сәуірде облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

28 сәуірде түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік күтіледі.

28 сәуірде Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.  

Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде -3°C дейін үсік күтіледі.

Еліміздің көп бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді. 

Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, желдің екпіні  7–12 м/с. Ауа температурасы түнде 0...+2°C, үсік, күндіз +18...+20°C.

Алматыда күн бұлтты, жаңбыр, найзағай, желдің екпіні 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +20...+22°C.

Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с дейін. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +26...+28°C.

Тэгтер:

ауа райы жаңбыр жел бұлтты