Жолаушылар ұшағы құлады: Оңтүстік Суданда 14 адам мерт болды

Бүгін, 09:24 / Ахмет Қанатұлы
Reuters.com

Оңтүстік Суданда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 14 адам қаза тапты. Қайғылы оқиға ел астанасы Джуба маңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ бортында 13 жолаушы мен бір ұшқыш болған – олардың барлығы көз жұмды. Бұл туралы Reuters хабарлады.

Оңтүстік Суданның Азаматтық авиация басқармасы апатқа жеңіл моторлы Cessna ұшағы ұшырағанын мәлімдеді. Қаза тапқандардың екеуі Кения азаматтары, қалғандары – Оңтүстік Судан тұрғындары екені анықталған.

Алдын ала болжам бойынша, апатқа қолайсыз ауа райы себеп болуы мүмкін. Атап айтқанда, көріну деңгейінің төмендігі ұшақтың құлауына ықпал еткен.

Мәліметтерге сәйкес, ұшақ құлағаннан кейін оның сынықтары өртенген. Әлеуметтік желілерде тараған кадрларда апат орнының таулы әрі тұманды аймақта орналасқаны байқалады.

Тэгтер:

Ұшақ ұшақ апаты Оңтүстік Судан