Облыс аумағында орналасқан 20 асфальтбетон зауытына кезең-кезеңімен тексеру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Arasha.kz.
Бүгінгі таңда 13 зауыт тексеруден өтті. Тексеру жұмыстарын “Жол активтері сапасының ұлттық орталығы “ Абай облыстық филиалының мамандары жүргізді. Бағалау барысында зауыттардың өндірістік қуаттылығы, технологиялық жабдықтарының жай-күйі, өндірістік процестердің нормативтік талаптарға сәйкестігі, сондай-ақ шикізат пен дайын өнім сапасын бақылау жүйесі назарға алынды.
Нәтижесінде тексерілген 13 зауыттың ішінде 1-еуі ғана белгіленген талаптарға сәйкес келетіні анықталды. Ал 12 зауытта түрлі сәйкессіздіктер тіркелді. Қалған 7 зауыт бойынша тексеру жұмыстары жалғасуда.
Тексеріс нәтижесі бойынша сәйкессіздіктер анықталған зауыттардың жұмысы мен шығарған материалдары қатаң бақылауға алынып, анықталған кемшіліктерді жедел түрде жоюға міндеттеледі.