Ақтау аумағы үш есеге ұлғайды: Үкімет басшысы қол қойды

Бүгін, 18:03 / Ахмет Қанатұлы
gov.kz

Ақтау қаласының аумағы едәуір кеңейіп, жаңа қаулыға сәйкес 94 642 гектарға ұлғайтылды. Тиісті құжатқа Олжас Бектенов қол қойған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл шешім Маңғыстау облысы мәслихатының ұйғарымы мен облыс әкімдігінің Ақтау қаласының шекарасын өзгерту туралы қаулысы негізінде қабылданған.

Нәтижесінде Каспий теңізінің 94 642 гектардан астам аумағы ресми түрде Ақтау қаласының құрамына енгізілді. Осы өзгерістерден кейін қаланың жалпы жер көлемі 124 491 гектарға жетті. Бұған дейін Ақтаудың аумағы 29 849 гектар болған.

Тэгтер:

ақтау Каспий