Ақтау жүргізушілері шетелдік көліктерді заңдастыру құнын төмендетуді сұрайды

Бүгін, 09:22 / Қайсар Қалам
Сурет: видеодан скрин

Маңғыстау облысында шетелдік нөмірі бар 40 мыңға жуық автомобиль осы күнге дейін заңдастырылмаған. Себебі иелерінің 2 486 875 теңгеге жететін утилизациялық алымды төлеуге шамасы жетпейді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жүргізушілердің көбі көліктерді Грузиядан кеден арқылы заңды жолмен әкелген. Алайда қазақстандық тіркеу болмағандықтан, сақтандыру полисін рәсімдеу мүмкін емес, ал кез келген айыппұл автоматты түрде еселеніп отырады.

Жүргізушілер Президентке үндеу жолдап, 25–50 АЕК (108–216 мың теңге) көлемінде бекітілген төлем енгізуді ұсынуда.

«Тіпті 8 мың автокөлікті алып, оны біз ұсынған сомаға көбейткеннің өзінде, бұл бюджетке қомақты кіріс әкеледі. Бұған қоса, жыл сайынғы салықтар бар, олар да өсе береді. Біз төлеуден қашпаймыз, тек соманың қолжетімді болғанын қалаймыз», - деді видеодағы жүргізушілердің бірі.

Тэгтер:

ақтау үндеу шетелдік көлік көлікті тіркеу