Ақтөбеде пәтерлерді кезексіз таратқан шенеунік сотталды

Бүгін, 14:18 / Қайсар Қалам
Сурет: Рixabay

Ақтөбеде пәтерлерді кезексіз таратқан шенеунік 7 жылға сотталды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ақтөбе облысы прокуратурасы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді заңсыз беру схемасын әшкереледі.

Анықталғандай, «Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ-нің бұрынғы басшысы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалана отырып, кезекте тұрмаған тұлғаларға пәтерлер бөлуді ұйымдастырған.

Тізімге заңсыз 15 азаматтар енгізілген. 

«Схема бойынша бастапқыда тұруға жарамсыз тұрғын үйлерді беріп, кейін оларды жайлы пәтерлерге ауыстырып, тұрғын үй комиссиясымен заңсыз шешімдер қабылдау арқылы жүзеге асырылған.  Пәтерлер жекешелендірілген және сатылған, бұл пайдакүнемдік ниетін растайды», - деп хабарлады прокуратура. 

Осы жылдың 29 сәуірінде, Ақтөбе қаласының №2 сотының үкімімен кінәлі тұлға 7 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары жалғасуда.
 

Тэгтер:

сот Ақтөбе прокуратура пәтер кезегі