Трамптың шұғыл жиын өткізді: АҚШ-та жанармай бағасы шарықтап кетті

Бүгін, 17:21 / Arasha.kz
Peter Kramer/NBC via Getty Images. Суретте: Дональд Трамп

АҚШ пен Иран арасындағы шиеленістің күшеюіне байланысты Дональд Трамп мұнай саласының жетекшілерімен арнайы кездесу өткізді. Бұл туралы Axios хабарлады.

Ақ үйде өткен жиында энергетика секторындағы ахуал мен Таяу Шығыстағы жағдайдың әлемдік жанармай нарығына әсері талқыланған. Сарапшылардың айтуынша, аймақтан мұнай жеткізілімінің бұзылуы шикізат бағасының өсуіне ықпал етіп отыр. Бұл өз кезегінде мұнай компаниялары үшін жаңа мүмкіндіктермен қатар, тәуекелдерді де арттыруда.

Кездесуге Ақ үй әкімшілігінің басшысы Сьюзи Уайлз, Қаржы министрі Скотт Бессент, сондай-ақ арнайы өкілдер Стив Виткофф пен Джаред Кушнер қатысқан. Сонымен қатар Chevron компаниясының басшысы Майк Вирт те жиынға келген.

Ақ үй өкілдерінің мәліметінше, мұндай кездесулер ішкі және халықаралық нарықтағы жағдайды тұрақты бақылау мақсатында өткізіледі. Жиында Венесуэладағы ахуал, мұнай-газ өндірісі және тасымал мәселелері де қаралған.

АҚШ билігі бензин бағасының күрт өсуінен алаңдап отыр. Қазіргі таңда елде жанармайдың орташа бағасы бір галлонға 4,18 долларды құрап, 2022 жылдан бергі ең жоғары деңгейге жеткен.

Бағаны тұрақтандыру үшін кейбір заңдық шектеулер жеңілдетілгенімен, нарықтағы жағдайды толық бақылауға алу қиын болып отыр. Сарапшылардың пікірінше, баға өсіміне АҚШ пен Иран арасындағы келіспеушілік пен ОПЕК құрамындағы өзгерістер ықпал етуде.

Тэгтер:

президент Дональд Трамп