Алматы – Ақтөбе бағытындағы пойызда жолаушы көз жұмды. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
«2026 жылғы 27 сәуірде №033 «Алматы – Актобе» жолаушылар пойызы жүріп бара жатқанда, 1966 жылы туған жолаушының денсаулығы кенеттен нашарлады. Пойыз бастығы дереу алғашқы медициналық көмек көрсетіп, бірден жедел жәрдем бригадасын шақыртты. Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері жолаушының қайтыс болғанын растады», - делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, «белгіленген талаптарға сәйкес, әрбір вагон әмбебап медициналық қобдишамен жабдықталған», ал «ауа баптағыш штаттық режимде жұмыс істеп тұрған».
«Жолаушылар тасымалы» АҚ марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», - деп жазылған хабарламада.