Тоқаев Лавровты қабылдады: Путиннің сапары мен Ресеймен қарым-қатынас талқыланды

Бүгін, 16:22 / Қайсар Қалам
Сурет: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастар стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухында дамып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Әңгімелесудің тағы бір тақырыбы Ресей Президенті Владимир Путиннің Қазақстанға жасалатын сапарына дайындық барысы болды. Сапар мамыр айының соңына жоспарланған.

«Біз бұл сапарды биылғы екіжақты күн тәртібіндегі орталық іс-шара ретінде қарастырамыз. Ол елдеріміз арасындағы одақтастық қатынастарды тереңдетудегі маңызды кезең болатынына сенімдімін», — деді Тоқаев.

Өз кезегінде Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров дайындық жұмыстары үкіметтер мен сыртқы саяси ведомстволар деңгейінде жүріп жатқанын және негізгі мәселелер пысықталып жатқанын хабарлады.

Сонымен қатар, тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібін талқылады.

Тэгтер:

Путин тоқаев Лавров