Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам өндірісі бойынша ірі мәмілеге отырды

Бүгін, 11:44 / Қайсар Қалам
Сурет: Spencer Platt/Getty Images

Financial Times газетінің дереккөздері АҚШ президентінің ұлдары Эрик Трамп пен кіші Дональд Трамптың Қазақстандағы вольфрам өндіретін компанияның үлесін иеленгенін жазды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Басылымның мәліметінше, Дональд Трамптың ұлдары АҚШ тарапынан 1,6 млрд доллар көлемінде қолдау алған қазақстандық тау-кен компаниясының үлесін сатып алады.

«Кіші Дональд Трамп пен Эрик Трамп қолдау көрсететін компания өткен жылы Қазақстанда вольфрам өндіру үшін АҚШ-тан 1,6 млрд долларға дейін мемлекеттік қолдау алған критикалық маңызды минералдар өндіруші топпен бірігуге келісті», - делінген жарияланымда.

Мәмілемен таныс үш адамның айтуынша, ағайындылар тамыз айында Skyline Builders құрылыс тобының үлесін Dominari Securities еншілес компаниясы басқаратын арнайы компания арқылы сатып алған. Инвестиция көлемі жарияланған жоқ.

Эрик Трамп Trump Organization компаниясына және өзі негізін қалаған American Bitcoin ұйымына жолданған түсініктеме беру туралы сауалдарға жауап бермеді. Ақ үй де басылымның сауалын жауапсыз қалдырды.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың қазан айында беделді Bloobmerg басылымы Дональд Трамптың командасы Қазақстандағы вольфрам кен орнына қол жеткізу туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлаған болатын.

Тэгтер:

қазақстан Трамп тау-кен компаниясы үлес вольфрам өндірісі Трамптың ұлдары