Даулы тұлға – Нобельге үміткер: Дональд Трамп беделді сыйлықты иеленуі мүмкін

Бүгін, 18:42 / Ахмет Қанатұлы
Samuel Corum/Getty Images. Суретте: Дональд Трамп

АҚШ президенті Дональд Трамп Камбоджа, Израиль және Пәкістан көшбасшылары тарапынан Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынылды. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Алдын ала мәліметке сәйкес, Трамп 287 үміткердің қатарында болуы мүмкін. Алайда Кристиан Берг Харпвикен, Норвегиялық Нобель институтының директоры, оның кандидатурасы әзірге ресми түрде бекітілмегенін мәлімдеді.

Бұған дейін Камбоджа премьер-министрі Хун Манет Нобель комитетіне жолдаған хатында Трамптың әлемдік бейбітшілікті нығайтуға қосқан үлесін атап өтіп, оны сыйлыққа ұсынған.

Айта кетейік, 2025 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығы Венесуэла оппозициясының жетекшісі Мария Корина Мачадоға берілген. Ол бұл марапатты елдегі демократиялық үдерістерді дамытуға қосқан еңбегі үшін алған.

Қазіргі уақытта Нобель сыйлығының лауреаттары қатарында Қазақстан азаматтары жоқ.

Тэгтер:

АҚШ Дональд Трамп Нобель