Қақтығыс көлеңкесіндегі футбол: Иран АҚШ-та өтетін әлем чемпионатында ойнай ма?

Бүгін, 15:08 / Ахмет Қанатұлы
Roberto SCHMIDT / AFP via Getty Images

Иран ұлттық футбол құрамасы 2026 жылғы Футболдан әлем чемпионаты 2026 турниріне қатысатыны ресми түрде расталды. Бұл туралы ФИФА президенті Джанни Инфантино Ванкуверде өткен ұйым конгресінде мәлімдеді. Ол АҚШ пен Иран арасындағы саяси шиеленіске қарамастан, ирандықтар турнирде өнер көрсетіп, матчтарын АҚШ аумағында өткізетінін атап өтті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Дональд Трамп бұл шешімге қарсылық білдірмейтінін жеткізді. Ол Инфантиноны жақын танысы ретінде атап, "Егер Джанни осылай десе, қарсы емеспін. Ойнай берсін" деген пікір білдірді. Айта кетейік, бұған дейін Трамп қауіпсіздік себептеріне байланысты Иранның қатысуына күмән келтірген еді. Сонымен қатар, Канада билігі Иран футбол федерациясының өкілдеріне елге кіруге рұқсат бермегендіктен, делегация Ванкувердегі жиынға қатыса алмады.

Бұған дейін Иран тарапы АҚШ-пен мүмкін болатын әскери шиеленіске байланысты турнирге бойкот жариялау нұсқасын қарастырған. Сондай-ақ, ойындарын АҚШ-тан Мексика аумағына ауыстыру мәселесі де талқыланған. Алайда Мексика президенті Клаудия Шейнбаум бұл жөнінде нақты шешім қабылданбағанын айтты.

Егер Иран құрамасы жарысқа қатысудан бас тартса, 500 мың доллардан астам айыппұл арқалап, ФИФА мүшелігінен шеттетілуі мүмкін.

Иран құрамасының топтық кезеңдегі ойындары (АҚШ-та өтеді):

2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексиканың 16 қаласында өтеді. Турнир тарихында алғаш рет 48 команда қатысып, матчтардың басым бөлігі АҚШ стадиондарында ұйымдастырылады.

Тэгтер:

Иран АҚШ футбол әлем чемпионаты