21 жастағы бойжеткеннің 2 жыл бойы сөйлесіп жүрген жігіті өзінің әкесі болып шықты

Бүгін, 11:40 / Arasha.kz
pixabay.com

Жапонияда 21 жастағы студент қыз ерекше әрі күтпеген жағдайға тап болды. Ол қарым-қатынаста болған ер адамның өзіне туған әке екенін біраз уақыт өткен соң ғана білген, деп Arasha.kz тілшісі Tokyo Reporter басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Вакана Сонобе деген бүркеншік атпен таныстырылған бойжеткен университетке түскеннен кейін құрбысы арқылы 48 жастағы дәулетті ер адаммен танысқан. Уақыт өте келе олардың арасы жақындап, романтикалық байланысқа ұласқан. Кейін қыз жүкті болып қалған.

Шамамен екі жылдан кейін белгілі болғандай, бұл ер адам – оның бұрын көрмеген туған әкесі екені анықталған. Вакананың анасы оны 17 жасында тұрмыстағы ер адамнан дүниеге әкеліп, қызын жалғыз өсірген. Әкесі бастапқыда қаржылай көмектескенімен, кейін арада байланыс үзілген.

Қыздың айтуынша, ол ер адаммен «папакацу» форматында танысқан. Бұл – жасы үлкен ер адамның жас қызға материалдық қолдау көрсететін қарым-қатынас түрі. Сол кезде екеуі де өзара туыстық байланыс барын білмеген.

Шындық қыз ер адамды анасына таныстырған сәтте белгілі болған. Анасы оны бірден танып, олардың әке мен қыз екені анықталған.

Оқиғадан кейін студент қыз жүктілікті тоқтатуға шешім қабылдаған. Оның сөзінше, шындық ашылған соң қарым-қатынас түбегейлі өзгеріп, бұрынғы сезімнің орнын жиіркеніш басқан. Соған қарамастан, олар әке мен қыз ретінде байланыс орнатуға тырысқан.

Қазір Вакана оқуын аяқтауға жақын. Ол алдағы уақытта өз бетінше өмір сүріп, қажет болса биологиялық әкесімен қарым-қатынасты толық үзу мәселесін де қарастырып отыр.

Тэгтер:

жапония