Маңғыстау облысында швейцариялық туристер мінген автоүй аударылып қалды

Бүгін, 13:00 / Қайсар Қалам
Сурет: Рixabay

Бейнеу – Ақтау бағытындағы тасжолда Швейцариядан келген екі турист отырған автоүй жол апатына ұшырап, аударылған. Бұл туралы  Arasha.kz  сайты Қазақстан ТЖМ-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Ерлі-зайыпты сапарды өздерінің жеке көлігімен жалғастырып келе жатқан кезде оқыс жағдай болған.

«Оқиға орнына құтқарушылар жедел аттанды. ТЖД қызметкерлері тез жетіп, туристерге көліктен шығуға көмектесті, қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, оларды Бейнеу ауылына дейін алып барып, қонақүйге орналастырды», – делінген хабарламада.

Туристерге медициналық көмек қажет болмаған.
 

Тэгтер:

жол апаты туристер Бейнеу – Ақтау автоүй аударылды