Тоқаев ақалтеке тұқымды жылқыны көрсетіп, қолдан жем берді

Бүгін, 15:00 / Қайсар Қалам
Сурет: Ақорда

Мамыр мерекесінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Іс басқармасына қарасты атқораға барып, өзінің сүйікті тұлпары – Ақжан есімді ақалтеке тұқымды биесін көпшілікке таныстырды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бір жасар сұлу биеге атты президенттің өзі қойған. Жануар ақшыл-қызғылт реңкті, қою жасыл көздерімен ерекшеленеді. Мамандар бұл тұқымға тән жоғары интеллектіге ие екенін де атап өтеді.

Тоқаев Ақжанды қолдан жемдеп, өзге де жылқыларға дәм татқызды. Олардың қатарында жуырда Қатар елінен сыйға берілген төрт араб сәйгүлігі де бар.

Президент қарауындағы жылқылардың ішінде тағы бір ақалтеке тұқымды Ақниет есімді бие бар. Бура түсті бұл жылқы шамамен жарты жыл бұрын атқораға әкелінген.

Тэгтер:

тоқаев жылқы Ақалтеке Ақжан